ЖҚЗ деректері бойынша Қостанай облысындағы өрт алаңы 17 мың гектардан астам жерді құрады

IMG-20210803-WA0027.jpg
IMG-20210803-WA0026.jpg


Қостанай облысы Амангелді ауданының даласында болған өртті ТЖД қызметкерлері бір тәулікке жуық сөндірді.
"ҚҒС" ҰК" АҚ инженерлері атап өткендей, Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша өрттің жалпы ауданы 17 053,26 га құрады. Өрт Амангелді ауданы мен Арқалық қаласының шекарасы Күлік елді мекен маңында жер серігімен түсірілген.

1 тамызда басталған өрттің себебі анықталған жоқ. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, өрт жалынын 30 градустан жоғары температурадағы аптап ыстық тудыруы мүмкін.
"ҚҒС "ҰК" АҚ түсірілімдері ҚР ТЖМ және аумақтық жергілікті органдарға тұрақты негізде ұсынылады.
Ғарыш түсірілімдері 30 шілде мен 3 тамыз аралығында ұсынылған.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі