Ұлттық ғарыш орталығы базасында OneWebDemo пилоттық жобасы іске асырылады


20210805_110127.jpg

Бүгін Ұлттық ғарыш орталығына Onewebdemo жобасын Қазақстанда іске асырудың техникалық мәселелерін және OneWe жүйесі үшін оқшаулау өндірісінің болашағын талқылау үшін технология жөніндегі Аға директор Валери Гинесте бастаған OneWeb халықаралық корпорациясының делегациясы келді. Кездесуге ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің, "РҒБО" АҚ, "ҚҒС" ҰК" АҚ және "Ghalam" ЖШС өкілдері қатысты.

Белгілі болғандай, "One Web" компаниясы интернет желісіне қолжетімділік және деректерді жоғары жылдамдықпен беру (даунлинк 195 Мбит/с дейін және пайдаланушы терминалға аплинк 32 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық жер серік желіні құрайды.

Осы жылдың сәуір айында тараптар жер серіктік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атап өткендей, меморандум Қазақстан аумағын барлық жерде, оның ішінде шалғайдағы және қатынасу қиын ауылдық елді мекендерді "OneWeb" байланыс жер жеріктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен қамту мәселесін пысықтауға мүмкіндік береді.

20210805_110821 (1).jpg

20210805_111211.jpg
 
20210805_111236.jpg

Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасында OneWebDemo жобасын іске асыру, жер серіктер элементтерінің өндірісін оқшаулау және OneWeb екінші буындағы демо-жер серіктерді, сондай-ақ ҚЖСК және "Ghalam" ЖШС өндірістік базасы базасында фазаланған антенналық тор (ФАТ) технологияларын пайдаланумен электронды басқару антеналарын тестілеу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар тараптар Ұлттық ғарыш орталығының базасында жер серіктік топтама арқылы интернет жылдамдығын бағалау үшін OneWeb антенналарына тестілік сынақтар жүргізілетініне келісті. Бұл сынақтар, OneWeb Demo жобасымен бірге жаңа «OneWeb» төмен орбиталық жер серік желіні пайдалану бойынша аймақтық сараптама орталығын ҚР қалыптастыруға бағытталған.

OneWeb делегациясының сапары аясында өткізілген кездесудің нәтижелері бойынша тараптар ынтымақтастық туралы және қол жеткізілген келісімдерді дамыту бойынша жұмысты бастау туралы келісті.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі