Planet өкілдері Қазақстанның жоғары жетістіктерін және "ҚҒС" ҰК" АҚ мамандарының ғарыш мониторингтегі кәсібилігін атап өтті

1200px-Planet_Labs_logo.svg.png




Жақында Planet халықаралық компаниясының өкілдері: Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлеріндегі директор Джейсон Джонспен, Еуропа, Орта Шығыс және Африка техникалық сүйемелдеу жөніндегі өңірлік менеджер Рене Грейсбахпен және ТМД, Грузия және Украина өңірлік менеджері Анастасия Алешинамен онлайн-кеңес өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің және "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК"АҚ өкілдері қатысты.


"ҚҒС" ҰК" АҚ Planet компаниясының қызметтерін 2018 жылдан бастап пайдаланады. Planet жер серіктерінің топтамасы 130-дан астам PlanetScope (3,5 м) жер серігінен тұрады Жер серіктерді топтастыру жұмысы күніне 1 рет жер бетінің толық бейнесін 3,5 метр ажыратымдылықпен алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әлемдегі коммерциялық қол жетімді ғарыш жүйелерінің ешқайсысы осындай кезеңділікпен және кеңістіктік шешіммен деректерді ұсына алмайды. Planet-тің тағы бір артықшылығы-жер серіктерден алынған суреттер онлайн режимінде қол жетімді және оларды орындаушылар өздері жүктей алады.
"ҚҒС" ҰК" АҚ стратегия және бизнес Департаментінің мамандары атап өткендей, ғарыштық мониторинг (КМ) бойынша жұмыс тәжірибесі мен нәтижелері KazEOSat-1 және KazEOSat-2 отандық аппараттарының суреттерін ғана пайдалана отырып, КМ міндеттерін орындау техникалық тұрғыдан мүмкін еместігін көрсетті. Неғұрлым күрделі міндеттер мен қажетті деректермен қамтамасыз ету үшін АШМ, ЭГТРМ, ҚР ІІМ ТЖМ бүкіл елді тұрақты қамтуды талап етеді.

- Қазақстан ғарыш мониторингінде айтарлықтай биіктерге қол жеткізді. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының кеңістіктік деректер Департаменті мамандарының тәжірибесі мен білімі ҚР цифрландыруда үлкен рөл атқаруға мүмкіндік береді. Әріптестікке қатысты ойларымызбен, шешімдерімізбен бөлісуге қуаныштымыз, - деп атап өтті өңірлік директор Джейсон Джонс.

Кеңес қатысушылары тұтынушылар арасында ғарыш момониторингті кеңінен қолданудың өскенін атап өтті. Ғарыш бақылау және қадағалау құралына айналды. Жыл сайынғы ауыстыру және бұрынғы міндеттердің күрделенуі, масштабтау ғарыш мониторингті серпінді және негізгі бағытқа жатқызады.

-Қазір біз мемлекеттік органдарға ғарыш мониторинг қызметтерін тұрақты негізде көрсетіп келеміз, егер бұрын олар шикі болса, енді өңделген және сапалы суреттер. Жер реформасы аясында барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілер жергілікті инспекторлардың талдауларына сенім арту мүмкін емес екенін түсінеді. Олар адам факторының қатысуынсыз талдауға сеніп, ғарыш мониторингті таңдады, - деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ АКК ЖҚЗ, навигация және ғарыш техникасын өндіру басқармасының басшысы Рәзия Буралхиева.
Кездесу барысында Planet пен "ҚҒС" ҰК" АҚ арасындағы стратегиялық әріптестік, сондай-ақ ғарыштық мониторинг шеңберінде шешілетін мемлекеттік органдардың салалық міндеттерін кеңейту үшін компанияның ағымдағы және жаңа өнімдерін пайдалану мүмкіндігі мәселелері айтылды.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі