KazEOSat - 1 серігінен Якутиядағы өрттердің суреттері алынды


2_Якутия_20210811_М15000_1х1.jpeg
2_Якутия_20210811_М5000_1х1.jpeg



ЖҚЗ ғарыш жүйесі Департаментінің, сондай - ақ "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ кеңістіктік деректер Департаментінің мамандары қазақстандық KazEOSat-1 серігінің және ғарыштық мониторинг технологиясының көмегімен Якутияда өрттерді тіркеді. Өрттердің ауқымы ғарыштан көрінеді, бұған алынған суреттер дәлел.

Якутиядағы өрттер Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінің экологиялық жағдайына әсер етті. ҚР Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары әлеуметтік желілерде осы күндері аймақтарды жауып тұрған қалың түтінге шағымданады.
Кеңістіктік деректер Департаменті ТЖ және табиғи ресурстар мониторингі Басқармасы ТЖ мониторингі Бөлімінің бастығы Гүлдана Қасымбаеваның айтуынша, өрт болған жерден Қазақстан шекарасына дейінгі қашықтық 3 мың км құрайды.

- Біздің мамандар жүргізген ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында ірі өрт ошақтары тіркелмеген. Елдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі түтіннің ықтимал себебі Якутиядағы кең орман өрттері болуы мүмкін", - деді ол.

Якутия_20210811_М15000_1х1.jpeg
3_Якутия_20210811_М5000_1х1.jpeg


"Қазгидромет" РМК мамандарының ақпараты бойынша, тамыздың бірінші онкүндігінің ортасынан бастап Батыс Сібір аумағының үстінде биік циклон орналасты, ол орман өрттері болып жатқан Якутия аудандарынан Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауа массасын тасымалдауға ықпал етті. Одан әрі орман өрттерінен түтін пердесінің шлейфі біртіндеп Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне таралды, онда жергілікті елеусіз дала өрттері атмосфералық ауа сапасының нашарлауына қосымша ықпал етті.

Сонымен бірге, ресейлік БАҚ-тың ресми көздеріне сүйенсек, бүгінде Якутия аумағында 172 табиғи өрт тіркелген. Олардың жалпы ауданы 6,6 миллион гектарға жетті. 8 тамыздан бастап Саха Республикасында (Якутия) аймақтық төтенше жағдай режимі енгізілді, өйткені өрт елді мекендерге жетті.

KazEOSat - 1 серігінің ғарыштық түсіру суреттері қоса беріледі.




«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі