"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Қоғамдық Кеңес туралы Ережесі бекітілді

laptop-3196481_1920-1024x683 (1).jpg



"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Қоғамдық Кеңес (ҚК) мүшелерінің кезекті отырысы өтті, онда ҚК туралы Ереже және "ҚҒС "ҰК"АҚ-да қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу Қағидалары бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық Кеңестер ағымдағы жылы қазақстандық квазимемлекеттік сектор компанияларында құрылуда. Бұл орган ұйымның стратегиялық құжаттары, даму жоспарлары және қаржы-шаруашылық қызметі бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға арналған. Бұдан басқа, ҚК Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіруге қатысады.

ҚК туралы Ережеде органның қызметін жүзеге асыру тәртібі, ҚК пен оның мүшелерінің өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі жазылған.

Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу Қағидалары шеңберінде ҚК құзыретіне: компания жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау және ҚК отырысында жария талқылау, сондай-ақ қоғамдық сараптама және қоғамдық мониторинг жүргізу кіреді.

Құжаттарды бекітпес бұрын, ҚК мүшелері бірнеше отырыс барысында құжаттарды зерделеп, жалпы дауыс беру арқылы қолданыстағы заңнама нормалары шеңберінде елеулі өзгерістер енгізді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі