Ұлттық ғарыш орталығында OneWeb жабдығын монтаждау аяқталуда

IMG-20210819-WA0015.jpg

 

IMG-20210819-WA0016.jpg
 
IMG-20210819-WA0017.jpg

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш орталығының алаңында өткізу қабілеті жоғары және сигнал кідірісі төмен кең жолақты қолжетімділіктің геостационарлық емес серіктік байланыс жүйесін пайдалану бойынша көрсету тестілерді өткізуге дайындық үшін OneWeb компаниясының жабдығын монтаждау және күйге келтіру бойынша жұмыстар аяқталуда.

Бұл жобаны 2021 жылғы 9 сәуірде Байқоңыр қаласында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде "РҒБО" АҚ мен "КГС "ҰК" АҚ жәрдемдесуімен OneWebKazakhstanLtd. компаниясы жүзеге асырады. Жобаны іске асыруда ұйымдастырушылық қолдауды "Транстелеком" АҚ және ҚР ЦДИАӨМ көрсетеді.

 
Көрсету науқанның басталуы 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.