Қазақстан Ғарыш Сапары"ҰК" АҚ директорлар Кеңесінің кезекті отырысы өтті

20210824_163947.jpg



Ағымдағы жылдың 23 тамызында Кеңес Төрағасы - цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің басшылығымен "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Директорлар Кеңесінің отырысы барысында ішкі аудит қызметінің, Қоғамның сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің есептері тыңдалды, сондай-ақ "Ghalam" ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының кейбір мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, директорлар Кеңесі қызметкерлердің жалпы саны 236 бірлікті құрайтын қоғамның жаңа ұйымдық құрылымын қарады және бекітті. Осылайша, қоғамда мемлекет Басшысының 2020-2021 жылдар ішінде мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің
санын кезең-кезеңімен 25% - ға қысқарту туралы тапсырмасы іске асырылатын болады.
Отырыс қорытындысы бойынша Министр Аэроғарыш комитеті мен қоғам басқармасына бірқатар нақты тапсырмалар берді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі