Экология министрлігінде 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша интерактивті карта таныстырылды

IMG-20210826-WA0007.jpg

Жақында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ инженерлері «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны»РМҚК тапсырмасы бойынша әзірленген 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша интерактивті картаны таныстырды.

Мемлекет Басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2 млрд.ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Еліміздің орман қорларында ағаш отырғызу бес жыл бойы жүзеге асырылады - 2021 жылдан 2025 жылға дейін бұл акция біздің елді ауқымды көгалдандыруға алып келеді.

Ағаш отырғызу процесін мониторингілеу үшін әзірленген геосервисті "ҚҒС "ҰК" АҚ кеңістіктік деректер Департаментінің директоры М.Алимаганбетов таныстырды. Министр Мағзұм Мырзағалиевке интерактивті карта мүмкіндіктері, оның ішінде инспекторлардың жергілікті жерлерде картографиялық ақпаратты өз бетінше енгізуі арқылы көшет отырғызу туралы ақпаратты толтыру және көрсету ұсынылды.

Экология министрі жобаны мақұлдап, картаны толтыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Қазіргі уақытта "ҚҒС "ҰК" АҚ инженерлері Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК тапсырыс берушіден алынған деректерді әзірлеу және геопорталға жүктеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл геосервис Қазақстан Республикасының 14 облысы аумағында ағаш отырғызудың шолу картасын қамтиды.

IMG-20210826-WA0008.jpg


Жобаның негізгі пайдасы - Қазақстан аумағын көгалдандыру. Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және еліміздің әрбір азаматы осы жұмысты бақылап қана қоймай, өз ұсыныстары мен ескертулерін уәкілетті органға жібере алады.
"ҚҒС "ҰК" АҚ мамандары атап өткендей, интерактивті картада мекеменің, филиалдың және орманшылықтың атауы (бар болса), орам, телім, гектардағы алаң, егу немесе отырғызу сараланып, ағаштардың тұқымы мен саны, бұрын отырғызылған орман дақылдары туралы мәліметтер қамтылады.

Түгендеу деректері бойынша тұқымдар бөлінісінде жалпы және өндіруші алаңдар, себу жылы, отырғызу материалдарының саны ескерілетін болады. Бұл тізімге сонымен қатар тұқым жинау, сатып алу және отырғызу материалын қазу туралы ақпарат кіреді.




«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі