"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ Мемлекет басшысының жолдауы аясында ғарыштық технологияларды дамыту жұмыстарын жалғастырады

photo_372331.jpeg


Жақында Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бастамалармен Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты кезекті Жолдауын жолдады.
Президент қазақстандықтарға арнаған сөзінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы деп атады.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанда цифрландырудың маңыздылығын, сондай-ақ «Қазақстан Еуразия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуы тиіс» деп атап өтті.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ Мемлекет басшысының берген бастамаларын қолдайды және ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтықтан зондтау міндеттері мен мүмкіндіктерінің спектрін кеңейте отырып, ғарыштық технологияларды одан әрі дамытуға ниетті.
Жолдау аясында компания мамандары мемлекеттің ұлттық экономикасына инновациялық технологияларды енгізуді және өнімділіктің тиімділігін арттыруды жалғастырады.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі