"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ директорлар кеңесімен Басқарма Төрағасының жаңа орынбасары сайланды

Садвакасов М.Б.JPG

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап жұмысқа кіріскен Мақсат Бауыржанұлы Сәдуақасов сайланды.

М.Сәдуақасов 1981 жылы туған– Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Экономист-қаржыгер және заңгер-құқықтанушы мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Соңғы жұмыс орны - "AstanaHub" Халықаралық IT-стартаптар технопаркі" КҚ басқарушы директоры.

Мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі