Айдын Аимбетовтің ғарышқа ұшқанына алты жыл

22553753451_a18b3b7276_b.jpg

Осыдан тура 6 жыл бұрын көптен күткен ғарышқа ұшуға ғарышкер, "Халық қаһарманы" атағының иегері, Қазақстан ӘӘК генерал-майоры, "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Ақанұлы Айымбетов аттанды.
Айдын Ақанұлы асқақ арманы -ғарышты бағындыру үшін ерте жастан бастады. Сынақтар арқылы жолы​ оңай болған жоқ. Жақындарының қолдауы мен өзіне деген сенімі оның өміріндегі басты жеңіске жетуге түрткі болды.
"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ ұжымы Айдын Ақанұлын ғарышқа ұшуының 6 жылдығының айтулы күнімен шын жүректен құттықтайды және оған Қазақстанның ғарыш саласын дамыту жөніндегі жоспарларды іске асыруда жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейді!