Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғарыш орталығының аумағында TamosSpaceSchool мектебі ашылды

IMG_0545.JPG
 
241393064_1265889993854407_6540448275735703975_n.jpg


Нұр-Сұлтандағы «ғарыштық қалашық» аумағында TamosSpaceSchool жаңа жеке мектебі өз есігін ашты. Бұл Тамос брендімен жұмыс істейтін ағылшын тілін күшейтілген оқытумен IT және физика-математика бағытындағы мектеп.

4 қыркүйекте TamosSpaceSchool-да Білім министрлігі өкілдерінің, мектеп құрылтайшыларының және ата-аналардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Бүгінгі күні мектептерге қабылдау 700 адам сыйымдылығымен 330 баланы құрайды.

Мектеп финдік оқыту тәсілін, яғни балаларға психологиялық-эмоционалдық дамуын ескеретін оңтайлы оқу жүктемесін ұстанады. Балалар мектепте таңғы 08.00-ден кешкі 17.00-ге дейін болады. Төрт мезгіл тамақтану, мектеп формасы, оқулықтар, үйірмелер, қосымша сабақтар –осының барлығы Мектепте қарастырылған.

241507951_1265890030521070_1495333445653220608_n.jpg
 
IMG_0670.JPG


   
20210906_101134.jpg
20210906_101116.jpg


20210906_101747 (1).jpg
20210906_101307.jpg



"Біздің оқытушыларымыз конкурстық іріктеуден өтті, өз мамандықтары бойынша үздіктер қабылданды, олардың арасында мектепте Финляндиядан келген ағылшын тілінде сөйлейтін оқытушы жұмыс істейді. Мұғалімдер ең алдымен баланың күшті қасиеттерін, қазіргі әлемде сұранысқа ие таланттар мен қабілеттерді анықтауға және дамытуға баса назар аударады. Осы мақсатта бесінші-алтыншы сыныптарда балаларға кәсіптік бағдар беру қарастырылған. Біз түрлі қызмет салаларынан қызықты спикерлерді шақыратын боламыз", -
дейді TamosSpaceSchool өкілі Данияр Сутжанов.

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ инженер-ғалымдары да ғарыш саласынан спикерлер қатарына кіруі де мүмкін.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі