Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компания Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Аимбетов.jpg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы компания Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айдын Ақанұлы көп жылдар бойы аэроғарыш саласында жұмыс істеуде. Жұмыс өтілі 28 жыл.

ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

- ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

- ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

- «ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары;

- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымында жұмыс істеді.

2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.

Айдын Айымбетов ҚР ұшқыш-ғарышкер, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: «Халық Каhарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» ордені.