Ұлттық ғарыш орталығына Сауд Арабиясы Корольдігінің делегациясы келді

2B5A0706.JPG

2B5A0711.JPG

2B5A0702.JPG
 
Жуырда Ұлттық ғарыш орталығына инвестициялар Министрі Халид Әл-Фалих бастаған Сауд Арабиясы Корольдігінің делегациясы танысу сапарымен келді. Оның құрамына мемлекеттік аппараттың, Елшіліктің және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің өкілдері кірді.

Делегация Нұр-Сұлтанға сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сауд Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына қатысу үшін келді.

Х.Әл-Фалих мырза "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ қызметімен танысты, құрастыру-сынау кешенінде және "Ghalam"ЖШС бірлескен кәсіпорнында болды. Атап айтқанда, бұл Арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндіріс учаскелері, шағын ғарыш аппараттарына арналған сынақ зертханасы, 3 D баспа учаскелері, электрондық бұйымдар өндірісінің таза үй-жайлары және ұшуды басқару Орталығы.

2B5A0793.JPG
 
2B5A0781.JPG
2B5A0776.JPG
2B5A0760.JPG
2B5A0743.JPG
2B5A0833.JPG
 

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің Вице-министрі Мәлік Олжабеков Қазақстандағы ғарыш саласының дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, "ҚҒС" ҰК АҚ және "Ghalam" ЖШС мамандарының ғарыштық мониторинг және Жерді Қашықтықтан зондтау саласындағы жұмысын көрсетті.
Өз кезегінде делегация өкілдері жылы шырайлы қабылдаулары мен алған ақпараттары үшін алғыстарын білдірді, өйткені Корольдік ғарышқа үлкен мән береді және 2030 жылға қарай осы саладағы жетекші елдердің бірі болуға ұмтылуда.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі