Мәлік Олжабеков: «Қазақстанда ғарыш компанияларының коммерциялық нарыққа шығу әлеуеті бар»


2B5A1152.JPG
 
2B5A1188.JPG


28 қыркүйекте Ұлттық ғарыш орталығына ұлттық қорғаныс жоғары зерттеулер Институтының (The Institut des hautesétudes de défense nationale – IHEDN) өкілдері келді.

Француз делегациясы Қазақстанға негізгі өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша көзқарастарын талқылау үшін жоғары азаматтық және әскери қазақстандық биліктермен кездесулер өткізу мақсатында келді.

Оның құрамына азаматтық (жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорын басшылары) және әскери сектор сарапшылары кірді. Танысу сапары аясында делегаттар ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Мәлік Олжабековпен кездесті.

Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті, оның барысында «Ghalam» ЖШС, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері компаниялардың ерекшеліктері мен әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып, олардың қызметімен таныстырды.

IHEDN өкілдері ғылыми қызметке, жаңа технологияларды қолдануға, тәжірибе алмасуға, киберқауіпсіздікке, елдегі ғарыш саласын дамыту жөніндегі алдағы жоспарларға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ ғарыш компанияларын коммерцияландыруға қатысты

ілеспе сұрақтар қоя отырып,Қазақстанның ғарыш саласындағы халықаралық стратегиясына және әріптестігіне үлкен қызығушылық танытты.


2B5A1180.JPG
2B5A1098.JPG
2B5A1220.JPG



- Қазақстан өзінің дамуын өндірісте көріп отырғандықтан, біз еуропалық елдермен технологиялар трансферті бойынша ынтымақтасуды жоспарлап отырмыз және ғарыш агенттіктерімен сенімді қарым - қатынас орнатуға дайынбыз,-деп атап өтті Вице-министр Мәлік Олжабеков.

Ол осы тұрғыда өзінің көзқарасын баяндап, Қазақстанның бірегейлігі екі артықшылықтан тұратынын атап өтті – бұл мемлекет үшін басым бағыттарға инвестицияларды барынша дамыту мақсатында салық салуда жеңілдігі бар және кедендік баждары бар еркін экономикалық аймақтар (ЕЭА), сондай-ақ қатысушылары үшін жеңілдіктер берілген, валюталық, визалық және еңбек режимдері жеңілдетілген «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО).

Спикердің пікірінше, бұл жағдайлар ел экономикасына және ғарыш саласына әлеуетті инвесторларды тартады, әрі қарай коммерциализациялаудың кең мүмкіндіктері бар, яғни мемлекеттік дотациядан жеке бизнеске толық кету – жақын болашақтың көрінісі.

- Мемлекет ғарыш блогына қаржылық қолдау көрсететініне қарамастан, компаниялар мен біздің мамандардың әлеуеті зор. Мысалы, «Ghalam» ЖШС-де коммерциялауға болатын серіктердің өз әзірлемелері бар, бірақ бұл үшін оларға инвестициялар қажет. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары ЖҚЗ түсірілімдерін түсіндіру бойынша өз технологиясын әзірледі және оны да пайда ағынына қоюға болады. Бірақ ғарыш саласындағы қазақстандық нарық әлі дамығандықтан, біз компаниялар оны одан әрі өз бетінше игеріп, бәсекеге қабілетті болуы үшін біртіндеп қадам – қадаммен келетін боламыз, - деп түйіндеді Вице-министр.


Сапар аясында қонақтарға Құрастыру-сынау кешені, ҰҒО өндірістік нысандары және Қазғарыш тарихы мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.


20210928_143348 (1).jpg
20210928_143319.jpg

 
2B5A0929.JPG
 
20210928_143915.jpg
   
20210928_143610.jpg
 
2B5A1016.JPG
2B5A1007.JPG
20210928_150321.jpg
 
2B5A1037.JPG


2B5A1039.JPG
2B5A1069.JPG




Француз тарапы ұйымдастырушыларға жылы және жемісті кездесу үшін алғыс айтты. Іс-шара қорытындысы бойынша өкілдер естелік кәдесыйлармен алмасты.


Анықтамалық:

IHEDN - Францияның премьер-министрі басқаратын Париждегі мемлекеттік әкімшілік мекеме. 1936 жылы адмирал Рауль Касте (Castex) құрған. Оның міндеті-француз және шетелдік жоғары лауазымды әскери және азаматтық шенеуніктерді қорғаныс, сыртқы саясат, қару-жарақ және қорғаныс экономикасы саласындағы жоғары лауазымдарда жұмыс істеуге дайындау.
Институт жыл бойы жалпы әскери мәселелерді, соғыс жүргізу көзқарастарын, саяси-экономикалық және ғылыми-техникалық мәселелерді зерттейді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі