Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы Қазақстанда ғарыш ғылымы өрлеуінің бастауын қалады

аубакиров (3).jpg
аубакиров1.jpg


Бүгін, 2021 жылғы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 30 жыл толды.

Тоқтар Әубәкіров ҚазКСР Ғылым Академиясының ғарыштық медицина және биотехнология, материалтану, Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бес институтының қатысуымен орбитада бес ғарыштық зерттеу жүргізді.
Сегіз күннен кейін, 1991 жылғы 10 қазанда, Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы, «Мир» станциясында отандық ғалымдар әзірлеген Қазақстандық ғарыш бағдарламасын табысты орындаған алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров австриялық ғарышкер Франц Фибекпен және кеме командирі, ресейлік ғарышкер Анатолий Арцебарскиймен бірге Жерге аман-есен оралды.
Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, дәл осы қазақстандық ғарышкерлердің «Мир» орбиталық кешеніне және Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшуынан Қазақстанда ғарыш ғылымы дамуының нағыз өрлеуі басталды.
Елдегі жаңа ғылыми бағыттарды дамыту үшін негіз болған жаңа нәтижелер алынды, оның ішінде: ғарыштық материалтану және аспап жасау, ғарыштық геофизикалық және табиғи-ресурстық мониторинг, ғарыштық биомедицина және биотехнология.
Қазақстан Республикасы үш және одан да көп ғарышкерлері бар санаулы елдердің қатарына кіретіні белгілі. 1991-2001 жылдар аралығында орбитада бес ұлттық ғарыштық бағдарлама орындалды: Тоқтар Әубәкіров (1991 жыл), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001 жылдар), Айдын Айымбетов (2015 жыл).