Жас инженер Әйгерім Сұлтанбекова: "Мен Жердің селфиін өңдеймін"

ALX_5908.jpg
 

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ екінші санатты инженері Әйгерім Сұлтанбекова Қазақстандағы жастарды мамандықты дұрыс таңдауға үйрету керек екеніне сенімді. Ғарышқа жақын болу үшін ғарышкер болу қажет емес екенін оқушыларға түсіндірілсе. Ғарыш саласында мамандандыру жеткілікті. Сіз мысалы фотограмметрия сияқты салада жақсы инженер бола аласыз. Бұл объектілердің геометриялық сипаттамаларын (пішіні, өлшемдері, кеңістіктегі орны және т.б.) олардың кескіндері арқылы анықтаумен айналысатын пән.

Әйгерім 26 жаста. 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды. Содан кейін екі жыл Мәскеу геодезия және картография университетінің магистратурасында оқыды. Оқу кезінде Швейцария мен Испанияда екі тағылымдамадан өтті, соның арқасында болашақ мамандығын таңдауға шешім қабылдады. Фотограмметрия ғылымы оған рухани және қызығушылығы бойынша өте жақын болды. Әйгерім бала кезінен географияны - басқа елдер мен қалалар туралы жаңа ақпаратты білуді, кейін картографияны - зерттеуді, қызықтырған сұрақтарға жауап табуды жақсы көрді.

Мысалы, Испанияда ол археологияда фотограмметрияның қолданылуын көрді. Тағылымдама кезінде есте қаларлық сәттердің бірі динозавр іздерінің табылған қалдықтарының 3Dмоделін алу үшін археологиялық зерттеулерге қатысу мүмкіндігі болды. Швейцарияда қалалық сәулет және инфрақұрылым мәселелерін шешу кезінде өндірістік учаскелерге барды, онда геодезия және картография бойынша білімді практикада қолдануға және халықаралық мамандардан үйренуге мүмкіндік берілді.
Қыздың айтуынша, фотограмметрия мүлдем жаңа бағыт емес, ол геодезия мен картографияның тар бағыты болып табылады. Қазір компьютерлік технологиялардың дамуымен, машиналық оқыту және бағдарламалау алгоритмдерін енгізумен, геодезия және Жерді қашықтықтан зондтау саласы көптеген қолданбалы және теориялық есептермен байланыста. Бүгінгі таңда бұл өте келешегі мол мамандандыру және көптеген: Жер туралы ғылым, археология, медицина, сәулет, құрылыс, криминалистика және т. б. салаларда қолданылады.



IMG-20211013-WA0008.jpg
   
IMG-20200523-WA0045.jpg


Әйгерімнің ғарыш саласындағы дәл осы ғылымға қызығушылық танытқанын ол магистратурада оқу және тағылымдамадан өту кезінде түсінді. Бойжеткен "ҚҒС" ҰК" АҚ компаниясына 2019 жылы конкурс пен әңгімелесуден өтіп келді. Мұнда ол KazEOSat-1 және KazEOSat-2 жоғары және орта ажыратымдылықтағы жер серіктен рельефтің сандық моделін, ортомозайка, ортоизображения жасау мақсатында ғарыштық түсіру деректерін камералдық өңдеумен айналысады.
- Маған фотограмметрияны әр қырынан танып, қолдану қызық. Сен белгілі бір іспен "жанған" кезде, бәрі өздігінен шығады. Менің жолымда ортақ мүдделері мен мақсаттары бар адамдар жиі кездеседі. Фотограмметрия - менің махаббатым. Армандар орындалады", - деп жымиып, қыз өзінің бүгінгі жұмысы туралы айтуда.

Әйгерімнің таныстары оның жұмысы неден тұрады деп сұрағанда, ол жердің "селфиін" өңдеймін деп жауап береді. Фотограмметрияны білмейтін адамдар оны фотограф деп санайды. Шын мәнінде, ғарыштық жүйелердің жер үсті кешенінде жұмыс істейтін мамандар жерсеріктік технологиялар арқылы Жерді суретке түсіреді.
Сондай-ақ, ол өзінің білімі мен тәжірибесін тақырыптық міндеттерді шешу үшін, мысалы, климаттың өзгеруіне, су ресурстарын ұтымды пайдалануға байланысты тақырып бойынша қолданады. Су тақырыбы бойынша конференциялар мен экспедицияларға бірнеше рет қатысқан. Мұның бәрі оған өте танымды.
Қазір Әйгерімге өскелең жастарға өндірістегі ғарыш саласы туралы айту өте қызықты екенін түсінді. Өз білімімен бөлісіп, кері байланыс алып, жаңа мәселенің соңына түсу қызығырақ. Адамдар ғарышқа байланысты мамандықтар туралы аз біледі.
- Компания жастар кадрларын дамыту мен өсіруге мүдделі болуы тиіс деп ойлаймын. Оқушылар арасында қол жетімді түсіндіру мен өндіріспен таныстыру арқылы кәсіптік бағдар туралы жиі сабақтар жүргізу керек. Практикада болашақ маман бұл мамандық оған қажет пе екенін нақты түсінеді. Теория ол басқаі", - дейді инженер.


Кім біледі, мүмкін, он баланың арасында болашақта қазақстандық ғарышта үлкен жаңалықтар ашатындар бар шығар.
Әйгерім-жан-жақты және қызығушылығы мол адам. Үш тілді меңгеруден басқа, испан тілін үйренуді. Болашақта барлық алты халықаралық тілді білгісі келеді. Бос уақытында йога және Пилатес спортымен айналысады. Бүгінгі күнге дейін ол қыш өнері мен вокалмен әуестенген екен.
Міне, осындай маман компанияда жұмыс істейді. Келешегі мол, жас және өмірге құштар, өзінің сүйікті ісіне көздері жанып тұратын жан.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі