«Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыш компаниясы Түркістан аймағының экономикасын дамытуға қатысады


245614504_4305630829553223_1904336165302411466_n.jpg
 

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов жұмыс сапарымен Түркістанға келіп, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевпен кездесті. Келіссөздер барысында Түркістан облысының экономикасын дамыту мақсатында ғарыштық технологияларды қолданудың маңызды мәселелері талқыланды.

- Ғарыштық технологиялар бүкіл адамзаттың өміріне тереңірек еніп, экономикада үлкен рөл атқарып, барлық елдер халықтарының әл-ауқатын арттыруға әсер етуде. Бұл мүмкіндіктерді мемлекетіміздің игілігі үшін тиімді пайдалану керек, - деп атап өтті Айдын Айымбетов.
Сонымен қоса, ол «ҚҒС»  ҰК» АҚ компаниясының қызметі, ауыл шаруашылығы, экология, төтенше жағдайларда және т.б. ғарыштық мониторинг пен ЖҚЗ ойдағыдай қолдану тәжірибесі  туралы айтып берді.


 
244542660_4305630546219918_8098208821282724130_n.jpg

245201352_4305630679553238_3762655145355899277_n.jpg
 
245849593_4305630342886605_1186634323779442382_n.jpg



Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев заман ағымына ілесу керек және Түркістан өңірінің экономикасын дамыту үшін ғарыш мониторингі сияқты инновациялық әдістерді  міндетті түрде пайдалану қажеттілігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап одан әрі бірлескен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі