One Web төмен орбиталық серіктерінің мүмкіндіктері Digital Bridge форумында көрсетілді


Kazinform хабарлағандай, бүгін Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ҚР ЦДИАӨМ министрі Бағдат Мусин мен OneWeb Бас атқарушы директоры Нил Мастерсон қатысуымен OneWeb ATLAS Live Demo жобасының таныстырылымы өтті.

Бастапқыда жоба OneWeb жабдығының өзі тікелей орналасқан Ұлттық ғарыш орталығының аумағында таныстырылды.



20211026_094748.jpg




Сарапшылар құрамына: Аэроғарыш комитетінің, ЦДИАӨМ телекоммуникация Комитетінің, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК мамандары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР байланыс операторларының өкілдері кірді.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында ҰҒО алаңында тестілік сынақтарға дайындық мақсатында OneWeb компаниясының жабдықтарын құрастыру және баптау бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұл жоба 2021 жылғы 9 сәуірде Байқоңыр қаласында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде "РҒБО" АҚ және "Қазақстан Ғарыш сапары"ҰК" АҚ қолдауымен OneWebKazakhstanLtd компанияларымен жүзеге асырады. Жобаны іске асыруда ұйымдастырушылық қолдауды "Транстелеком" АҚ және ҚР ЦДИАӨМ көрсетеді.
Белгілі болғандай, «OneWeb» компаниясы интернет желісіне қолжетімділік және деректерді жоғары жылдамдықпен беру қызметтерін ұсыну үшін (195 Мбит/с даунлинк және 32 Мбит/с аплинк пайдаланушы терминалына дейін) жаһандық төмен орбиталық серіктік желіні құрайды.



IMG-20210819-WA0015 (1) (1).jpg



Сапар барысында ҰҒО корпорацияның Қазақстан аумағындағы қызметі таныстырылды. OneWeb компаниялары нарығына қол жеткізу жөніндегі директор Иван Зайцев атап өткендей, негізгі бағыттар тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ осы өңірдің басқа да елдеріне қызмет көрсететін Орталық Азияда технологиялық хаб құруды қамтиды.
Корпорация мамандары сервердің, модемнің және антенналарды басқару құрылғысының жұмысын көрсетті.



20211026_103123.jpg



Бұл Қазақстандағы алғашқы LEO көрсету жүйесі, ол нақты уақыт тәртібінде серіктік топтау мүмкіндіктерін және OneWeb сервистерінің жұмысын көрсетті. Көрсету тесттері OneWeb өте жоғары жылдамдықты және қосылыстың төмен кідірісін қамтамасыз ете алатындығын көрсетті. Бұл қазақстандықтарға жоғары жылдамдықты интернет дегенді білдіреді.