«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жергілікті атқарушы органдармен белсенді қызмет жасауда



IMG-20211006-WA0060.jpg

IMG-20211006-WA0058.jpg




Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы кеңістіктік деректер Департаментінің мамандары жұмыс сапарымен Қазақстан өңірлеріне баруда.
Инженерлер жергілікті прокуратура, экология департаменті және басқа да атқарушы органдардың мамандарымен геосервистерді пайдалану бойынша оқытулар өткізуде. «ҚҒС» ұлттық компаниясының қызметкерлері: https://waste.gharysh.kz және https:/nedro.gharysh.kz, «Waste edit», «Waste viewer» геосервистер мен мобильдік қосымшалардың жұмысын, сондай-ақ Android и IOS базасында қолжетімді «Oko kz» көрсетуде.
Сонымен қатар іссапарлар барысында мобильдік қосымшаларды пайдалануды тексеру және оқыту, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне кеңес беру қызметтер көрсету мақсатында бірлескен далалық зерттеулер жүзеге асырылуда, бұл ретте мемлекеттік органдардың тілектері мен ұсыныстары ескеріледі.



IMG-20211006-WA0069.jpg


IMG-20211006-WA0070 (1).jpg



Кейбір өңірлерде жергілікті жерде қалдықтардың орналасу орындарын табу бойынша оқыту жүргізу кезінде қоқыс тасталған жердердің жойылып, кәдеге жаратылмағаны анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың есебінде кәдеге жарату туралы растайтын фотосуреттер жүктелген. Осылайша қалдықтар жойылмау фактісі дәлелін тапқан.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары бойынша деректерді тексеру және қарап өту мобильді қосымшаларының көмегімен жүргізілетінін атап өткен жөн.

«Әкімдіктер дұрыс емес мәліметтер беретін жағдайдар кездеседі. Үйінділер қай жерде орналасты сол жерлерде қалуда. Кем дегенде 40% жағдайда бұл орын алады. Бұл үлкен мәселе», - дейді Азамат Маханов.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі