Ұлттық ғарыш орталығына Зымырандық технологияларды басқару режимінің делегациясы келді ...

Ұлттық ғарыш орталығына Зымырандық технологияларды басқару режимінің делегациясы келді


1 фото.png

2 фото.png

3 фото.png


2021 жылғы 24 қарашада Ұлттық ғарыш орталығына Ресей Федерациясының төрағалығымен Зымырандық технологияларды басқару режімінің (бұдан әрі – ЗТБР) делегациясы келді. Оның құрамына Ресей, Австрия, Швейцария өкілдері, сондай-ақ ЗТБР техникалық сарапшылар тобы кірді.

ЗТБР-ның Төрағасы Машков Григорий Иванович және ЗТБР делегациясының мүшелері "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ қызметімен танысты, құрастыру-сынау кешенінде және "Ghalam" ЖШС бірлескен кәсіпорнында болды.

   

Сапар барысында ЗТБР делегациясы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті қызметімен, сонымен қатар "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ ғарыштық бақылау қызметтерімен  таныстырылды.

6 фото.jpg

123456.jpg


Анықтама - зымырандық технологияларды бақылау режимі 30-дан астам мемлекеттер бейресми бірлестігі болып табылады, оның ішінде өнеркәсібі дамыған мемлекеттер, соның ішінде АҚШ. Ұйым 1987 жылы ұшқышсыз жеткізу жүйелерін дамытуға ықпал ететін жеткізілімдер мен технологияларды бақылау арқылы ядролық қарудың таралу қаупін азайту үшін құрылған.