2021 жылғы 3 желтоқсанда Мәскеуде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов ЕАЭО-ның «Ғарыштық интеграция» форумына қатысты


0493d4bc-7978-4093-882e-2997794f935b (1).png

Баубек Оралмағамбетов өз сөзінің аясында Қазақстандағы ғарыш қызметі, оның ішінде негізгі 4 бағыт, «Байқоңыр» кешені, Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені, ғарыштық байланыс және қашықтықтан зондтау жүйесі, ғылыми-зерттеу қызметі туралы айтты. Сонымен қатар  ресейлік «Союз-5» зымыран тасығышына арналған «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені сияқты ағымдағы жобалар туралы. Сондай ақ, БАӘ және Ресеймен бірлескен инвестициялық жоба – «Гагарин старт» туралы атап өтті.

«Егер байланыс спутниктері туралы айтатын болсақ, бүгінде Қазақстанда KAZSAT-2 және KAZSAT-3 бар. Біз еліміздің телехабар тарату, спутниктік байланыс сияқты қажеттіліктерін 100 пайызын қанағаттандырамыз. Сонымен бірге, біз қазір жаңа трендтерге қарап жатырмыз, біз геостационарлық емес телекоммуникациялық спутниктерге назар аудардық. Қазір біз SES S.A., OneWeb, Starlink компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

 

Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін ескере отырып, Қазақстанда Airbus компаниясы шығарған KazEOSat-1 және KazEOSat-2 екі жер серігі бар. Бүгін біз ғарыштық суреттерден бөлек, мемлекеттік органдарға аналитикалық мәліметтер беру қажет екеніне көз жеткіздік. Ааталңан жүйені 2018 жылы іске қостық, мемлекеттік органдарға 35-ке жуық салалық тапсырмаларды осы арқылы шешеміз», -  Баубек Оралмағамбетов бөлісті.

Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин Ресей Федерациясы тарапынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ғарыш саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға және кеңейтуге үлкен мән беретінін атап өтті. Осы ретте Еуразиялық ғарыш агенттігін құруды ұсынды.

«ЕАЭО елдерінде ғарыштық құзыреттері бар. Беларусьте бұл ең алдымен «Пеленг», оларға біз оптикалық жабдыққа тапсырыс береміз. Қазақстанда, әрине, Байқоңыр және Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені – Airbus технологиясы бойынша салынған. ЕАЭО-ның барлық елдерінің аумағында астрономиялық орталықтар бар, бұл жақсы база», - деп атап өтті Дмитрий Рогозин.

Өз кезегінде Баубек Оралмағамбетов мәселелерді шешудің тиімділігі үшін ең алдымен суреттер алмасуды жолға қою, мәліметтер базасын Ресей және Беларусь елдерімен біріктіру қажет екенін айтты.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі

#ғарыштықинтеграция #ғарыш