Қазақстан Республикасы экономикасының салаларын цифрландыру шеңберінде ғарыштық мониторинг

61adfacc0c343646048988.jpg

6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде экономика салаларындағы ғарыштық мониторинг тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Қазіргі таңда Қазақстанда екі спутниктік шоқжұлдыз бар, оның ішінде екі байланыс спутнигі «KazSat-2», «KazSat-3» екі жерүсті басқару кешенімен, сонымен қатар Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) үш спутнигі «KazEOSat-1»(1м), «KazEOSat-2» (6,5м), «KazSTSat» (17м). ЖҚЗ ғарыш жүйесі ғарыштық спутниктер мен жүйелер арқылы алынған ақпаратты талдауға, қызметті жетілдіруге және әртүрлі салалар мен салалардағы мәселелерді шешуге арналған.

«Мемлекеттік органдар техникалық тапсырманы Аэроғарыш комитеті арқылы Ұлттық оператор – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға ғарыштық мониторингты жасау мақсатында  жолдайды.

Бірінші кезеңде қазақстандық және шетелдік жерсеріктерді пайдалана отырып, ғарыштық түсірілімдер жүргіземіз. Екінші кезеңде далалық зерттеулермен суреттерді тақырыптық өңдеу жүргізіледі. Одан әрі ведомстволық ақпараттық деректер базасымен интеграция жүргізіледі, мысалы «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және техникалық қамтамасыз ету басқармасы», «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру», т.б. Нәтижесінде біз әртүрлі салаларға арналған аналитикалық ақпараты бар цифрлық карталарды құраймыз. Үшінші кезеңде барлық ақпарат геопорталға орналастырылады. Осылайша, мемлекеттік органдар дайын ақпаратты интернет арқылы алады», - деді Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

Қазіргі таңда ғарыштық мониторингтің мемлекеттік органдар үшін бірқатар бағыттары бар, мысалы: орман және су ресурстарын, заңсыз пайдалы қазбаларды өндіруді, ауыл шаруашылығы дақылдарын, жайылымдарды, жерді пайдалануды, жерді басып алуды және т.б. мониторингтер.

Мысалы, Экология министрлігі үшін 2018 жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуы сияқты халық үшін маңызды мәселелерге мониторинг жүргізіліп келеді. 2018 жылдан бастап қызығушылық аймағы 16-дан 35 ірі елді мекенге дейін өсті.

«Бүгінгі таңда рұқсат етілмеген полигондарды азайту және кәдеге жаратуды арттырудын оң динамикасы байқалады. 2021 жылы рұқсат етілмеген 7,5 мың қоқыс полигонының 6,5 мыңын жергілікті атқарушы органдар кәдеге жаратты», - деді Баубек Оралмағамбетов. Сонымен қатар басқа да салалар бойынша нәтижелермен бөлісіп, қорытынды жасады.

61ae021043af8229314001.jpg

Спикерлер тікелей эфирдегі сұрақ-жауап сессиясына қатысты. Талқылауда коммерциялық қызмет және жеке компанияларға мониторинг қалай жүргізілетіні туралы сұрақ қойылды.

«Бізде жеке компанияларға жеке жобалар мен тапсырыстар бар. Мысалы, инфрақұрылым нысандарына мониторинг жүргізу үшін бізде жеке компаниядан магистральдық жолдардың құрылыс барысын бақылауға тапсырыс берілген болатын. Мониторингтің жекелеген түрлеріне де тапсырыстар бар, мысалы, орман екпелерін бақылаудың интерактивті картасын әзірлеу және т.б.», - деп «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ кеңістіктік деректер департаменті директорының орынбасары Өскен Тойшыбеков жауап берді.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі