«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

2022 жылдың қаңтарынан бастап Директорлар кеңесі Қуандық Шуленбаев пен Диана Душниязованы Басқарма төрағасының орынбасары қызмет орнына бекітті.

Назначены новые заместители Председателя Правления АО НК Қазақстан Ғарыш Сапары (1) (1).png

Қуандық Ислямович Шуленбаев 1988 жылы 26 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша бітірген (2005-2009).

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Кадастр» мамандығының магистрі (2014-2016)

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторинг саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, өткен жылы спутниктік навигация департаментінің директоры реттінде қызметін атқарған.

Ғарыштық технологиялар саласында шетел университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті.


Диана Сахитжанқызы Душниязова - Шымкент қаласының тумасы, 1996 жылы 11 сәуірде дүниеге келген.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының бакалавры және магистрі (2013-2019). Сонымен қатар Мичиган мемлекеттік университетінде ГАЖ курстарынан өтті (2018-2019).

Соңғы 4 жылда «Агротехнологиялық хаб» корпоративтік қорында директордың орынбасары ретінде қызметін атқарды, сонымен қатар дрондар арқылы қашықтықтан зондтау қызметтері бойынша жобаны басқарды. Сонымен бірге, оның ауыл шаруашылығы, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін географиялық ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша кәсіби жобалары бар.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі