«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ салалық геосервис бойынша курс өткізді

2022 жылдың 9 ақпаны мен 11 ақпаны аралығында "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ қызметкерлері Мырзагалиев Тимур мен Жакупов Жаслан ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешенінде мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ облыстық филиалдары мен орталық аппаратының мамандары үшін оқыту жүргізді.
обучение ргу.jpeg

Өткізілген оқыту барысында https://fito.gharysh.kz салалық геосервисінің функционалдығы, «FitoKZ» мобильді қосымшасындағы жұмыс алгоритмі, «Tengri BPМ» фитосанитарлық мониторингі бойынша ақпараттық қамтамасыз ету ішкі жүйесіндегі жұмыс процесі көрсетілді. Аталған жүйе фитосанитарлық нысандарды анықтау мен бекітуден бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен және әкімдікке хабарлама жолдауға дейінгі технологиялық процесті автоматтандыруға, әртүрлі аймақтардағы 1000-нан астам РММ қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруға, республикалық деңгейде жеделдік пен шынайылықтың жоғары дәрежесімен зиянды объектілердің таралуын бақылауға мүмкіндік берді.
3 (4).png

геосервис фито.гарыш.кз (1).png


Оқыту қорытындысы бойынша РММ мамандарына Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ауылшаруашылық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту арқылы геоақпараттық жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 3 күндік оқу курсын аяқтау туралы сертификаттар берілді.
       Атап өтсек, 2021 жылы РММ мамандары «FitoKZ» мобильді қосымшасының көмегімен келесі мекендеу орындарын/таралыстарын тіркеді:
  • зиянды организмдер-1031;
  • карантиндік объектілер-4806;
  • аса қауіпті зиянды организмдер-11 785 жағдай.
       Барлық алынған деректер https://fito.gharysh.kz салалық геосервисінде көрсетіледі.
РММ мамандары біздің геосервистік шешімдерді енгізуге байланысты жұмыс тиімділігін арттыруды ерекше атап өтті.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі