Бірінші қазақстандық конференция - «Тұқым-2022» тұқымдар күні» шарт жасасу

18 ақпан күні фермерлер, агробизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын отандық және шетелдік жеткізушілер және т. б. үшін пікірталас және диалог алаңы болып табылатын Бірінші қазақстандық конференция - «Тұқым-2022» тұқымдар күні» шарт жасасу өтті. Спикерлер агросақтандыру, ауыл шаруашылығын сандық жүйеге көшіру, Жерді қашықтықтан алдын ала тексеру сұрақтары бойынша сөз сөйледі.
день семян2.jpg


Конференциядан сарапшы ретінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ауыл шаруашылық мониторингі басқармасының бастығы Қабжанова Гүлнара Рашиденқызы «Геосервистер - агроөндірістің салалық міндеттерін шешу құралы» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Ауыл шаруашылықтың ғарыштық мониторингі бағыты, сонымен қатар өсімдік шаруашылығы мен жерді пайдаланудың ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша қолданыстағы геосервистер ұсынылды.

Гүлнара Қабжанова ауыл шаруашылығының өндірісін нәтижелі жүргізуге арналғанғарыштық мониторингтің мүмкіндіктерімен бөлісті.  Соның ішінде agro.gharysh.kz геосервисі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға егіс және жинау мерзімдері, жай-күйі және ластануы, әрбір егіс бөлінісінде түсімділік болжамы туралы деректер ұсынылады. Мұндай деректер ауыл шаруашылығы өндірісі саласында тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Конференцияға қатысушылар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ғарыштық мониторинг нәтижелеріне кеңінен қол жеткізуді ұсыну мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсыныстарын қосымша ұсынды.

Ауыл шаруашылығының дамуы өзгермелі жаһандық климат, өндірістік ресурстардың шектеулілігі, топырақ өнімділігінің төмендеуі жағдайында белгілі бір қиындықтарды бастан кешуде.Конференция отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сапалы тұқымдармен қамтамасыз етілуі, жаңа агротехнологияларды игеруі, ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау, ауыл шаруашылығы өндірісін басқару және мониторингтеу бөлігіндегі көптеген өндірістік мәселелерді шешу үшін тұғырнама болды.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі