«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ делегациясы «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін дамыту келешектері» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты

21 ақпанда ЭКСПО 2020 Дүниежүзілік көрме Дубайда Қазақстан павильоны алаңында Басқарма төрағасы Айдын Аимбетов бастаған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ делегациясы «Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға арналған келешектер» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.
img1.jpg
«Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттер үшін ерекше қамқорлық нысаны болғаны және болып табылатыны баршаға мәлім. Азық-түлік қауіпсіздігі кез келген мемлекеттің экономикасында ерекше рөл атқарады және тұрақты бақылау мен қадағалауды қажет етеді», - деп бөлісті Айдын Ақанұлы.
mobile_file_2022-02-21_07-53-57 (25).jpg
Бұл конференцияның негізгі мақсаты азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде тәжірибе алмасу, сондай-ақ құрғақшылық, климаттың өзгеруі, су тапшылығы сияқты өзекті мәселелердің ықтимал шешімдерін талқылау болып табылады. Халықаралық конференция ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту саласында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді талқылау үшін тамаша алаң болды.
mobile_file_2022-02-21_07-53-57 (24).jpg


Осы конференция аясында конференцияға қатысушылар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл қадам, ұйымға мүше елдердің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін компаниямыздың мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFS) болып табылады. Іс-шара аралас форматта – офлайн және онлайн өткізілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі