ECO-ARAL: Модульдік Жерді бақылауды оқыту бағдарламасы

14-18 ақпан аралығында Ташкентте Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігінің(BMZ) тапсырысы бойынша Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) жүзеге асырып жатқан «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы аясында оқыту өтті.

2 (5).png

Қорғаныс және қауіпсіздік мониторингі бөлімінің инженері Баткалова Айман Айдосовна 1 модуль – ГАЖ негіздері/Жер мен мәліметтерді қашықтықтан бақылау курсын аяқтады. Оқу жоспары 3 модульді, өзіндік жұмыс кезеңдерін және кейс-стади жұмысын қамтиды. Айман Батқалова 1 модуль емтиханының қорытындысы бойынша үздік студенттердің бірі болды.

«Кеңістіктік талдау құралдары мен әдістерін меңгерумен қатар, мұндай халықаралық тренингтердің үлкен пайдасы тәжірибе алмасу, кәсіби қызметте жаңа пайдалы байланыстар, ГАЖ және қашықтықтан зондтау саласындағы ағылшын тілінде ғылыми терминдерді қолдану арқылы ағылшын тілінің тәжірибесі болып табылады. Сондай-ақ шетелдік сарапшыларға біздің компанияның қызметі мен жетістіктері туралы айтудың жақсы мүмкіндігі», - деп Айман өз әсерімен бөлісті.
photo eco ara 2.jpeg
Оқыту бағдарламасының соңында Райнер Лемуан институтымен (Берлин қаласы) және Орталық Азиядағы Америка университетімен бірлесе отырып, Арал өңіріндегі табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін цифрлық кеңістіктік жоспарлау құралдарын пайдалану бойынша жұмыс үрдісінің қадамдары аяқталды.
photo eco aral 1.jpeg


Қазақстан мен Өзбекстаннан қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде өтті, онда байқау қорытындысы бойынша 140 үміткердің ішінен небәрі 20 адам іріктелді. Қазақстан атынан 6 үміткер қатысты.


Анықтама
«Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады және оны Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) жүзеге асырады. Жоба Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтеріне Арал өңірінің экологиялық тұрақты трансшекаралық экономикалық дамуын қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі