Ұлттық ғарыш орталығында сенаторлар отырыс өткізді

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен көшпелі отырыс өткізіп, ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

2 (6).png

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары өткен жылдағы бүкіл Қазақстан бойынша ғарыштық мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып, жер ресурстарын ұтымсыз пайдалану мониторингі мәселелерін айтты.
«Кеңістіктік деректер базамыз 4 жыл ішінде қалыптасты, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялық жұмыстар жүргізілді және жер балансы енгізілді. Қазақстан бойынша 1 026 000 га пайдаланылмайтын егістік жер анықталды» – деп ауыл шаруашылығы өндірісінің мониторингі басқармасының басшысы Гүлнар Қабжанова баяндама жасады.


NUR_0225.jpg


Отырыс барысында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері заманауи талаптарға сай келмейтін ескірген координаттар жүйесі мәселелерін көтерді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында цифрлық жер балансын қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

NUR_0195 (1).jpg


«Көптеген проблемалық мәселелер бар. Белгілі бір қаражат қажет, бәлкім, заңнамалар мен ережелерге де өзгерістер енгізу керек. Расында да, мұның барлығын тиісті мемлекеттік органдармен алдағы жұмыс барысында анықтап, содан кейін ұсыныстар мен өзгерістер енгізілуі керек», - деді сенатор Әли Бектаев.

Сенаторлар барлық айтылған мәселелер мен ұсыныстар Сенат комитетінде қаралады және алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталады деп хабарлады.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі