17 наурызда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ құрылғанына 17 жыл толады


4 (2).png


2005 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ құрылды, ол 2007 жылғы 2 тамызда ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің бұйрығы негізінде атауы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өзгертілді.

«Біз ұзақ жолдан өттік, ғарыштық бақылау саласында қызметтердің кең спектрін ұсынатын көп функционалды компанияға айналдық. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 17 жыл ішінде мемлекеттік органдардың барлық өтініштеріне жауап берді. Қызметтің жаңа бағыттары ашылды, дамыды және жаңа тәжірибе жинақталды» - Басқарма төрағасы Айдын Аимбетов
2016 жылдан бастап Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін өнеркәсіпке пайдалануға берілгеннен кейін, мемлекеттік органдарға тұрақты түрде ғарыштық бақылау қызметтері көрсетіледі. ЖҚЗ технологиялары Жерді зерттеу мен үнемі бақылаудың таптырмас құралы болып табылады және оның ресурстарын тиімді пайдалану мен басқаруға көмектеседі.

Компанияның мәліметтері бойынша, осы уақыт ішінде Қазақстанның ЖҚЗ спутниктері Жердің 1 354 967 874 шаршы км. түсірген. 2021 жылы, жоғары ажыратымдылықтағы «KazEOSat-1» отандық ғарыш аппаратынан мемлекеттік органдарға 2 800 000 шаршы км. көлемінде 7000 спутниктік сурет ұсынылды. «KazEOSat-2» орташа ажыратымдылықтағы ғарыш аппаратынан 889 350 шаршы км көлемінде 150 ғарыштық сурет ұсынылды. Сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын шешу үшін 40 млн. шаршы км. астам кеңістіктік деректер ұсынылды.

photo1647511490 (2).jpeg
Қоғамның, Қазақстанның ғарыштық инфрақұрылымын толықтыруға қосқан негізгі үлесі 2022 жылдың соңына жоспарланған ғарыш аппараттарын Құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) операциялық біліктілігін аяқтау және оны өнеркәсіптік пайдалануға беру болады.

Сондай-ақ серіктестерімізге ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз. Бізді жобалар, міндеттер мен мүдделер біріктірді, сіздердің арқаларыңызда компания қарқынды дамып, жаңа көкжиектерді ашуда.

Дегенмен, «Қазақстан Ғарыш Сапары» жетістіктері мен марапаттарының артында, кәсіби шеберлігі мен тәжірибеге бай мамандардың, тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берген ерен еңбегі жатқанын ұмытпауымыз керек. Ұжым, уақыттың сын-қатерлеріне төтеп беру, салалық, мемлекеттік стратегиялық міндеттерді және одан басқаларды, қабылдау және жүзеге асыру қабілетін көрсетеді.

«Жұмыстағы жетістіктері мен атқарған еңбектері, кәсібилігі мен лайықты еңбек көрсеткіштері үшін ұжымға үлкен алғысымды білдіремін. Біздің ортақ ісімізге әркім баға жетпес үлес қосты. Біз бәрін жеңе алатын біртұтас команда болып қала береміз!» -Басқарма төрағасы Айдын Аимбетов.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі