«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық бақылау деректерін ашады


open_geoservice_png.png


Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық бақылау негізінде жұмыс нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік беретін салалық геосервистер, енді әрбір интернет-пайдаланушы үшін қолжетімді.

Геосервистерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ салалық геосервистерге сілтемелері бар бірыңғай бет арқылы ғарыштық бақылау нәтижелеріне ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін және сипаттамасы бар веб-сайтты әзірледі.

Геосервистерде барлық негізгі салалар туралы ақпаратты жариялайды, соның ішінде: ауыл шаруашылығы, орман және су объектілері, қалдықтар, төтенше жағдайлар және жер қойнауын пайдалану.

Мысалы, кез келген пайдаланушы, пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің  анықталған орындарын, рұқсат етілмеген үйінділерді немесе тыңайған алқаптарға спутниктік бағалауын көре алады.

Сайт https://km.gharysh.kz мекенжайында орналасқан, ол дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуын ескере отырып, ғарыштық бақылау ақпаратына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Біз веб-сайтты толықтыруды және кеңейтуді жалғастырып жатырмыз. Егер сұрақтар туындаса, пайдаланушылар контактілер бөлімінде көрсетілген нөмірлерге хабарласа алады.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі