«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ақмола облысының әкімімен кездесті


29 наурызда Көкшетау қ. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ақмола облысы әкімдігінің өкілдерімен, облыс әкімі Маржикпаев Ермектің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.



KGS_akimat_Akml_obl (1).png

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері Айдын Аимбетов басқаруымен Ақмола облысы аумағындағы ғарыштық бақылау нәтижелерімен таныстырды, нақты айтқанда, жер қойнауын пайдалану, ауылшаруашылық өндірісі, жайылымдар, су тұтыну, өрттер бақылауын мысалдармен көрсетті және қажеттіліктерді талдау, процестер мен деректерді құрылымдау, жол картасын әзірлеуден тұратын Ахуалдық орталықты құру кезеңдерін көрсетті.
1 (12).png


Кездесу қорытындысы бойынша, жер, орман және су ресурстарын, ауыл шаруашылығын басқару мен бақылауын цифрландыру бағытында және Ақмола облысының интерактивті цифрлық картасын құру, сондай-ақ облыстың әкімшілік құрылымдарының басқарушылық шешімдерін қабылдауда тиімділікті арттыру үшін геоаналитикалық әдістерді қолдануға негізделген, облыстың Ахуалдық орталығын құру мүмкіндігін қарастыруын тараптар келісті.
Облыс әкімі қызығушылық танытып, Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасына алдағы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға барынша жәрдемдесуді тапсырды.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі