Көктемгі су тасқыны: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жағдайды үздіксіз бақылауда

1 (15).png


Қазақстанның бірқатар аймақтарында плюстік температураның басталуымен су тасқыны кезеңі жалғасуда. Бүгінгі таңда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының аумағындағы қар жамылғысының еруіне, қардың еру қарқындылығына, су басу қаупі бар елді мекендердің ғарыштық түсіріліміне күнделікті бақылау жүргізіледі.

Қазіргі уақытта су басу қаупі төнген 400-ден астам елді мекенге қарқынды бақылау жүргізілуде.

935a34fe23ff40fe9fcc349489fcbabf (1).jpeg


Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2021 жылдың қазан айынан қараша айына дейін, 2022 жылдың су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық жүргізілді. Салалық геосервиске елді мекендердің  «қауіп жойылмаған» және «азайған» мәртебесі бар 500-ден астам ғарыштық суреттер жүктелді.
Сондай-ақ, ҚР ТЖМ-мен бірлесіп су басу қаупі бар елді мекендердің тізбесін құру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарымен арнайы веб-қосымша әзірленді. «жоғары» қауіп деңгейіне дейін белгі орнатылған кезде, ағымдағы жағдайды бақылау және бағалау мақсатында, жоғары және орташа кеңістіктік ажыратымдылықтағы ғарыш аппараттарынан түсірілім жүргізіледі. Қауіп өскен сәттен бастап суреттер мен аналитикалық деректер салалық геосервис арқылы жедел түрде беріледі.

Кез келген, қалаған интернет-пайдаланушы су тасқынына бейім елді мекендердің картасын, барлығына қол жетімді https://km.gharysh.kz сайтында көре алады.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі