«Space Ұрпағы» жас ғалымдар кездесуі


4 (4).png



12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында, Ұлттық ғарыш орталығында, ғарышкерлер Күніне орай ғарыш саласында маманданған жас ғалымдар мен БҒМ және ЦДИАӨМ, қазақстандық ғарышкерлермен бірге, оқушыларды техникалық мамандықтарға қызықтыру және жастар арасында ғарыш қызметін кеңінен насихаттау мақсатында жиын өтеді.

Бұл шара елордада зымырантану, робототехника үйірмелерін, Комитет жанындағы Жастар кеңесің құруға, белсенді, дарынды жастарды біріктіру мақсатында «JasGarysh» жасағының «Zeren» Республикалық жастар білім беру лагерінде ашылуына арналған.

Сонымен қатар, елордалық жас суретшілер арасындағы «Балалар және ғарыш» байқауының қорытындысы шығарылып,  «Kazakhstan Smart Space» ғарыштық технологиялар мен техника бойынша халықаралық байқаудағы жеңімпаздар марапатталатын болады.

Кездесу 12 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де аралас форматта – онлайн және офлайн режимінде өтеді. Тілек білдірушілер тікелей эфирді Қазғарыш арнасының Youtube платформасында тамашалай алады.

БАҚ-ты аккредиттеу және басқа да сұрақтар бойынша +7 701 780 10 25 немесе e.tyan@gharysh.kz 2022 жылдың 11 сәуіріне дейін хабарласуға болады.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі