12 сәуір – Адамның алғашқы ғарышқа ұшқан күні



12 апреля 2022 (1).png


1961 жылы 12 сәуірде  дүниежүзілік-тарихи маңызы бар, адамзат тарихындағы ең ұлы оқиға болды. Юрий Алексеевич Гагарин «Восток» ғарыш кемесінде, әлемде алғаш рет Жер айналасында орбиталық ұшуды жүзеге асырды, сонымен бүкіл адамзат үшін жаңа дәуірді - адам басқаратын ғарышкерлік дәуірін ашты.


Бұл өркениет тарихындағы жаңа дәуірдің бастамасы болды: бұрын соншалықты алыс және қол жетімсіз болып көрінген ғарыш, адамзат мүддесі үшін, зерттеуге және пайдалану үшін қолжетімді болды.

Біз ғарыш саласындағы барлық әріптестерді, сондай-ақ өмірін ғарыш ғылымымен байланыстырған ғалымдарды, кәсіби күнмен құттықтаймыз.


Ғылым бір орында тұрмай, көзімізге жаңа кеңістіктер, планеталар мен жарық жұлдыздар көбірек ашылсын!.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, ғарыштық шығармашылық мүмкіндіктер мен жаңа ашулар тілейміз!



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі