Space Ұрпағы: «Бүгінде жас санаға инвестиция салу арқылы, Сіз ертеңге жоғары технологиялық жобалар жасайсыз»


2 (18).png


Кеше, 12 сәуірде адамның ғарышқа алғаш ұшқан күніне орай Ұлттық ғарыш орталығында қазақстандық ғарышкерлердің, ҚР БҒМ мен ҚР ЦДИАӨМ өкілдерінің қатысуымен «Space Ұрпағы» атты жас ғалымдар кездесуі өтті.

Ғарышкер және ғылым Күніне арналған құттықтау сөзді министр Багдат Мусин, ғарышкерлер Талгат Мусабаев пен Айдын Аимбетов айтты. Жас ұрпақтың, Қазақстанда ғарышты дамыту сұрағына деген қызығушылығын арттыру мақсатында, жас ғалымдар ғарыш саласына барар жолды айтып берді.

3 (12).png


ЮНИСЕФ «UniSat» жобасының қатысушысы, 11-сынып оқушысы Аяна Кошканова, 2019 жылдан бері 3000-нан астам қыз қатысқан «UniSat» сияқты наноспутниктерді жасау бойынша білім беру жобалары, қатысушыларға өздерінің ғылыми жобаларын бастауға, сондай-ақ кәсіби даму ретінде - ғарышты таңдауға мүмкіндік берегенін айтты.


6 (3).png


«Мені Біріккен Араб Әмірліктерінің, Марсқа ғарыш кемесін жіберу жөніндегі жуырдағы жобасы шабыттандырды, оны жобалау мен жеткізуді әзірлеуін инженерлердің 80% әйел қатысқан және бұл миссияның өзін басқарған әйел», - деді Аяна.

5 (1).png


Жиын модераторы - дәріптеуші, ұлттық және халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпазы Ерасыл Тауекел, бала кезінде жұлдызды аспанға қарап, онда не жылтырағаны мен болып жатқанына қызыққаны туралы бөлісті.Бастауыш мектептен бастап ол ғылым мен техникаға қызығушылық танытты.

«Кішкентай кезімнен, менің санамда ғарышқа деген сүйіспеншілік қалыптасқан», - дейді Ерасыл.

11 (1).png


«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жас мамандары Комарова Дарья мен Пангиреева Карина өздерінің қиын да қызықты жолы туралы бөлісті, әсіресе «Байқоңыр» ғарыш айлағында тәжірибе кезінде зымыран ұшырылғанына қалай куә болғандарын, содан кейін олар қатты әсерленіп, кейін бұл оқиға оларды армандарына жетелейтін отынға айналғанын айтты.


4 (6).png

Сондай-ақ, қыздар «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-дағы атқаратын жұмысы туралы айттып берді. Мысалы, Дарья - орбитада спутниктің орналасуын түзетумен айналысатын баллистикалық инженер. Ал Карина ғарыш аппаратының борттық жүйелерін талдап, жерсерікке ұшу тапсырмаларын құрастырады.

8 (1).png


Сондай-ақ шарада, ғарышкерлер елорда суретшілері арасындағы «Балалар және ғарыш» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтап, марапаттады. Жас суретшілер Карина Каминская, Анастасия Левина, Токсанова Мединаға гран-при берілді. Бірінші орынды Радченко Наталья, Амира Талгатова және Кошкумбаева Диана бөлісті.

7 (3).png


Жиынға елорда мектептерінен, жоғары оқу орындарынан 120-дан астам студенттер мен жастар өкілдері қатысты. Сонымен қатар, спикерлер ұйым басшыларымен елордада зымырантану және робототехника үйірмелерін құру, аэроғарыш саласын насихаттау және одан әрі дамыту үшін Жастар кеңесін құру мәселелерін талқылады.

10 (1).png

9 (1).png


Онлайн-трансляцияның жазбасын Қазғарыштың Youtube арнасынан көре аласыздар.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі