Ғарышкерлер күні: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мектеп оқушыларымен кездесті
NIS Халықаралық бакалавриат мектебінде адамның ғарышқа алғаш ұшқан күніне арналған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлерімен кездесу өтті.

«Дана бейсенбі» жобасы аясында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі бөлімінің мамандары – Берік Рахымжанов, Аруана Кеженева және Әйгерім Сұлтанбекова қатысты.

Спикерлер мектеп оқушыларына ғарыш аппараттары мен мониторинг, спутниктік суреттер туралы айтып, отандық ғалымдардың жетістіктері, цифрлық технологиялар және заманауи ғылымның басқа да өзекті бағыттары туралы әңгімеледі.

Кездесуден кейін 11 «А» сынып оқушысы Дәрмен Меллат мектеп алаңында бір сатылы зымыранды аспанға ұшырды.
Сонымен қатар жас зымыраншы ғалым алдағы уақытта мектепте «Зымыран құрастырушылар» үйірмесін ашу ниетімен бөлісті.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі