Қазақстан мен Оман ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

0309c036-045b-468e-8e40-8b937d25e415.jpg

Маскат, 2025 жылғы 2-4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы өтті, онда тараптар сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыру ниетін растады.

f50a36d2-6e2e-4d94-98e1-6b325ad6e86c.jpg

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халифа Әл-Хариси төрағалық етті.

55400fb9-ede3-46d6-9b47-bf9f850dbe86.jpg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қ.Е. Қожаев кездесуге қатысып, ағымдағы жобаларды, халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады және Оманнан келген серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.