«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ пен Synspective Inc. ғарыштық компоненттер мен қосымшаларды бірлесіп зерттеу және әзірлеу бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойды

28a9495c-52fe-46a2-a28c-ee07e2be4b1a.jpg

2025 жылғы 17–20 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған энергетика, қаржы, өнеркәсіп, цифрлық технологиялар және тұрақты даму салалары бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

44fd0fea-a201-4661-a1af-c4acb325e2fc.jpg

Synspective Inc. компаниясымен жасалған меморандум Жерді қашықтықтан зондтау саласында бірлескен жобаларды әзірлеу, мәліметтер мен озық технологияларды алмасу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашады. Жобаларды іске асыруға жоспарланған инвестиция көлемі 10 млн АҚШ долларын құрайды.

Synspective Inc. компаниясымен серіктестік инновацияларды енгізуді жеделдетіп, Қазақстанның халықаралық ғарыш саласындағы орны мен беделін нығайтуға мүмкіндік береді.