Қазақстан мен Жапония қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

fa569b71-77a8-4489-a8d5-cee292892d66.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 17-20 желтоқсаны аралығында Жапонияға ресми сапары барысында қоршаған ортаны қорғау, климаттық зерттеулер және орман өрттерінің алдын алу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

2025 жылдың 20 желтоқсанында Жапонияда өткен бизнес-форум аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және Чуо университеті (Жапония) арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат заманауи ғылыми және технологиялық шешімдерді қолдана отырып, парниктік газдар шығарындылары бойынша бірлескен зерттеулерді дамытуға бағытталған.