Астанада мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын азайтуға арналған спутниктік деректерді пайдалану жөнінде семинар өтті
2026 жылғы 3 ақпанда Астана қаласында «Мұнай-газ секторындағы метан шығарындыларын азайту үшін спутниктік деректерді пайдалану» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Carbon Limits AS компаниясымен әріптестікте, МакКолл МакБейн қорының қолдауымен, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын реттеу жөніндегі жоспарлар аясында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – метан шығарындыларын мониторингтеу және қысқарту бойынша заманауи тәсілдермен таныстыру, сондай-ақ спутниктік деректерді пайдалану арқылы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдар мен сала операторлары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға метан шығарындыларын анықтауға арналған спутниктік технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеулері, ашық спутниктік деректер негізінде шығарындылар көздерін айқындау тәсілдері, сондай-ақ спутниктік ақпаратты метан шығарындыларының ұлттық тізіліміне интеграциялау жолдары ұсынылды. Сонымен қатар реттеуші органдар мен мұнай-газ компаниялары арасындағы үйлестіру тетіктері мен анықталған шығарындыларға жедел әрекет ету мәселелері талқыланды.
Семинарға орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, мұнай-газ саласы кәсіпорындарының, сондай-ақ салалық және сараптамалық ұйымдардың өкілдері, оның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ және Ghalam ЖШС қатысты.