«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары аясында өткен Қазақстан–Пәкістан бизнес-форумына қатысты
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ислам Республикасы Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма мүшесі – басқарушы директор Аманат Үмбетбаев Қазақстан–Пәкістан бизнес-форумына қатысты.
Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Ислам Республикасы Пәкістанның ғарыш саласындағы ұйымдары арасында ғарыштық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған келісімдерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, тараптар спутниктік ақпаратты пайдалану және алмасу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжатқа қол қойды. Сонымен қатар спутниктік технологияларды климаттың өзгеруін мониторингтеу саласында қолдану бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған, соның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін талдау мен климаттық үдерістерді бағалауды қамтитын бірлескен зерттеу зертханасын құру жөнінде ниет меморандумы жасалды.
Қол жеткізілген келісімдер екі ел арасындағы ғарыш саласындағы әріптестікті нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға және Қазақстан Республикасы мен Ислам Республикасы Пәкістанның орнықты дамуы мүддесінде спутниктік деректерді практикалық қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.