Халықаралық әріптестер KazEOSat-1 спутниктік деректерінің сапасын жоғары бағалады
Қазақстан төтенше жағдайларға ден қоюдың жаһандық жүйесіндегі өз позициясын нығайтуда.
2025 жылғы 7 мамырдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Sentinel Asia халықаралық бастамасының ресми мүшесі болып табылады. Аталған бастама APRSAF аясында жүзеге асырылады және Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің ғарыш агенттіктерін біріктіре отырып, табиғи апаттардың салдарын жою кезінде Жерді қашықтықтан зондтау және Web-GIS технологияларын жедел қолдануға бағытталған.
2026 жылдың 10-12 ақпаны аралығында MBRSC және JAXA ұйымдарының бірлесіп ұйымдастыруымен Sentinel Asia STEP-3 (JPTM2025) Бірлескен жобалық тобының 10-отырысы өтті.
Аталған жиында Ғарыштық жүйелер департаментінің инженерлері Гүлнара Бисеналина мен Альтаир Тлеубергенов халықаралық жоба аясындағы Компания қызметінің 2025 жылғы нәтижелерін ұсынды.
2025 жыл қорытындысы бойынша:
• төтенше жағдайларға қатысты 18 халықаралық өтінім өңделді;
• KazEOSat-1 жерсерігінен 288 дерек көрінісі ұсынылды;
• қамтылған аумақтың жалпы көлемі 115 200 шаршы км құрады.
KazEOSat-1 деректері Филиппиндегі жер сілкінісінің, сондай-ақ Вьетнам, Непал және Таиландтағы су тасқындарының салдарын мониторингтеу барысында пайдаланылды.
Халықаралық серіктестер қазақстандық ғарыштық түсірілімдердің жоғары сапасын және жедел шешімдер қабылдаудағы практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.
Sentinel Asia-ға қатысу қазақстандық ғарыштық технологияларды жаһандық мониторинг жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді.