Кения Президенті Уильям Руто Ұлттық ғарыш орталығында


IMG_6203.JPG


Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында 2026 жылғы 20 мамырда Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығы мәртебелі мейманды қабылдады.

IMG_6202.JPG

Кения делегациясын ҚР  Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Малик Олжабеков қарсы алды.

Сапар барысында Кения Президентіне Қазақстанның ғарыш саласының қазіргі ахуалы мен даму бағыттары, негізгі жобалары және саланың ғылыми-техникалық әлеуеті таныстырылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚҰСК) инфрақұрылымы мен өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.

IMG_6163.JPG

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Кения арасындағы ғарыш технологиялары саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады.

Кения Президентінің Ұлттық ғарыш орталығына сапары аэроғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды қадамы болды.