«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ және Кения ғарыш агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Құжатқа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев пен Кения ғарыш агенттігінің бас директоры, бригадалық генерал Хиллари Бивотт Кипкосгей қол қойды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойылған құжаттардың стратегиялық маңызын атап өтті. Кенияның Африканың «Кремний саваннасы» ретінде кеңінен танымал екенін айта келе, Мемлекет басшысы Қазақстанның электрондық үкімет пен заманауи банк инфрақұрылымы салаларындағы озық тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ жасанды интеллект пен ғарыш технологиялары бағыттарындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.
Қол қойылған меморандум Қазақстан мен Кения арасындағы ғарыш саласындағы өзара тиімді әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.