«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне бағынысты ұйымдар арасында волейбол турнирін өткізді

IMG_2603.jpg

2026 жылғы 24 мамырда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне бағынысты ұйымдар арасында волейбол турнирін ұйымдастырып өткізді.

Жарыс корпоративтік спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және салалық ұйымдар қызметкерлері арасындағы командалық рухты нығайту мақсатында өткізілді.

Турнирге 10 команда қатысты: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ, «Геодезия және кеңістіктік ақпараттың ұлттық орталығы» РМК, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК, «Ghalam» ЖШС, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ.

Қызу спорттық күрестің қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары анықталды:

  • 1-орын — «QazExpoCongress» ҰК» АҚ
  • 2-орын — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
  • 3-орын — «Геодезия және кеңістіктік ақпараттың ұлттық орталығы» РМК

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтайды және белсенді қатысқаны мен жоғары спорттық рух танытқаны үшін барлық қатысушы командаларға алғыс білдіреді.