«Қазақстан Ғарыш Сапары» инженерлері Қытайда халықаралық оқудан өтті

22 (1).jpg


3 (1).jpg


4 (1).jpg


640 (1).webp

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық жүйелер департаментінің инженерлері Дмитрий Чумаченко мен Гульнара Бисеналина климаттың өзгеруі мәселелері және метеорологиялық жерсеріктерді пайдалану арқылы қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану бойынша халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты.

Екі апта бойы 17 елдің өкілдері климаттық мониторингтің заманауи тәсілдерін, төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелерін, спутниктік деректерді пайдалану әдістерін және Қытайдың озық метеорологиялық технологияларын меңгерді.

Бағдарлама дәрістерді, практикалық сабақтарды, көшпелі іс-шараларды және бейінді ұйымдарға сапарларды қамтыды. Қатысушылар FengYun сериясындағы жерсеріктердің мүмкіндіктерімен және Mazu зияткерлік ерте ескерту жүйесінің жұмысымен танысты.

Осындай халықаралық бағдарламаларға қатысу мамандарымызға шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, әлемдік озық тәжірибелерді зерделеуге және ғарыштық технологиялар мен Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.