Әзірбайжан ғарыш агенттігінің делегациясы Ұлттық ғарыш орталығында болды


30 мамырда Ұлттық ғарыш орталығына «Азеркосмос» ААҚ төрағасының орынбасары бастаған Әзірбайжан ғарыш агенттігінің делегациясы келді. Делегация Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерімен, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысу мақсатымен келді.


1 (99).png


«Азеркосмос» ААҚ өкілдері «Ғалам» ЖШС бірлескен кәсіпорнында болды. Атап айтқанда, Арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндірістік аймақтары, шағын ғарыш аппараттарын сынақтан өткізу зертханасы, электроника өндірісінің таза бөлмелері және ұшуды басқару орталығымен танысты.


2 (94).png

Осылайша, тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғарыштық технологияларды пайдалану және Қазақстан жинаған тәжірибе алмасу жолдарын талқылады.


3 (85).png



Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ