Балқаш көлінің жағасындағы өрттер

Соңғы күндері Балқаш көлінің жағасында бірнеше өрт болды. Ірі өрттердің бірі Балқаш қаласының маңында, көлдің оңтүстігінде орын алады. Алғашқы жылу нүктелері 2023 жылдың 21 маусымында сағат 21:33-те тіркелді. Балқаштың оңтүстігіндегі ең жақын елді мекендер өрт ошағынан 100 шақырымдай жерде орналасқан.


7B50D881-37DB-42ED-8EC6-F6DCCD4D17D1.png


Ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта өртенген аумақтың ауданы шамамен 8,5-9 мың гектарды құрайды. 25 маусым күні, таңертең солтүстіктен соққан жел 3 м/с құрады, ауа температурасы 230С. Сондай-ақ Балқаш жағалауындағы Жетісу облысының Қаратал ауданы аумағында тағы 2 өрт шықты.


09089CDD-FBA8-45B5-9EE0-7EC624588C68.jpeg

KazEOSat-1 жер серігінің жасаған суреті, 22 маусым 11:36, 2023 жыл

Айта кету керек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ кеңістіктік ақпарат департаментінің қызметкерлері облыстардағы ТЖМ және ТЖД-мен тұрақты байланыста болып, отандық және шетелдік серіктестердің Planet сияқты жер серіктері көмегімен қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде.


BE1252A5-BB7D-4137-8468-38002626DED3.jpeg

Planet жер серіктері топтастығының жасаған суреті, 24 маусым 11:35, 2023 жыл

Биылғы жылдың өткен кезеңінде елімізде 1800-ден астам орман және дала өрттері орын алған. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геосервистері көмегімен аталған өрттер туралы барлық ақпарат тұрақты түрде жеткізіледі.

Ғарыштық мониторинг әр түрлі кеңістіктік ажыратымдылық пен кезеңділіктегі жер серіктерінің мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде инфрақызыл арналардағы спутниктік суреттер бойынша жылу нүктелерінің (өрттің шығу қауіпі бар жерлері) автоматты түрде бекітілуі жүргізіледі. Мұндай жер серіктер 2 мың километрге дейін кеңістікті қамтуға ие, алайда ажыратымдылығы төмен суреттерді жібереді. Бұл процесс тұрақты жалғасуда, күнделікті, күніне 8 ретке дейін.

Таралу қаупі бар айрықша жағдайлар үшін, сондай-ақ ТЖМ-нің, аумақтық ТЖД немесе ОШЖӘК ЭТРМ өкілдерінің сұрауы бойынша орташа және жоғары ажыратымдылықтағы деректер қосымша ұсынылады. Сондай кескіндердің сапасы жоғарырақ болады, бірақ олардың алатын кеңістік ауқымы азырақ, 10-нан 170 км-ге дейін және түсіру кезінде жер беті барынша жарық болуы үшін күндізгі сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін түсірілім орнатылады.

Керек болған жағдайдаға байланысты, сондай-ақ суретке түсіру қажетті аймақтың үстінен белгілі бір жер серік орбитасының өтуіне қарай сурет беріледі. Алынған суреттер бірден қалпына келтірілмейді, тек жер серік қабылдау станцияларынан көрінген кезде ғана, содан кейін деректер өңделеді, талданады және жарияланады. Өзіміздің жер серіктеріміздің түсіру жиілігі 3-5 тәулікті құрайды, бірақ шетелдік серіктестеріміздің көмегімен біз күн сайын дерлік кез келген аумақты қамти аламыз. Бұл ретте, сәтті, бұлтсыз түсірілім болған жағдайда, жоғары және орташа ажыратымдылықтағы спутниктік деректерді жеткізу күн сайын шамамен сағат 17.00-ден кейін жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бойынша, әрбір интернет пайдаланушысы үшін https://km.gharysh.kz сілтемесі бойынша ашық геосервис қолжетімді.