Егіс дақылдарының жай-күйін спутник арқылы бағалау

Егіс дақылдарының жай-күйін спутник арқылы бағалау – "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК"АҚ мамандары қолданатын мониторинг әдістерінің бірі. Ғарыштық суреттер мен деректерді талдау арқылы дәнді дақылдардың жай–күйі, олардың өсуі, денсаулығы және өнімділігі туралы ақпарат алуға болады.


2 (104).png


Өсімдік шаруашылығы мониторингі бөлімінің мамандары егіс дақылдарының жай – күйіне спутниктік бағалау жүргізді. Бағалау жай–күйдің бес санаты бойынша беріледі: өте нашар, нашар, қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы.
2023 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша ҚР дәнді ауыл шаруашылығы дақылдарының егілген алқаптарының ауданының жай–күйі ЖҚЗ деректері бойынша бағалануы: өте жақсы – 1 059 681,15 га (дәнді ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданының 6,4%), жақсы – 2 052 346,0 га (дәнді ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданының 12,4%), қанағаттанарлық – 6 910 060,5 га (дәнді дақылдардың жалпы ауданының 41,9%), нашар – 4 333 005,2 га (дәнді дақылдардың егістік алқабының 26,3%), өте нашар – 2 129 328,2 га (дәнді ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданының 13%).

Өсімдік шаруашылығының ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша ақпарат ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментіне беріледі және ЖҚЗ деректері бойынша жай-күйі нашар және өте нашар деп бағаланатын дақылдар анықталған жағдайда өнімділіктің төмендеуіне немесе оның толық болмауына әкелуі мүмкін.



Баспасөз қызметі

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ